Табиғат сыйы
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат – адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін — асыл ана. Табиғаттың адам үшін ерекше сыйының бірі - ол күз, алтын күз. Осы мезгілде барлық балабақшада дерлік «алтын күз» мерекелік іс-шарасы жыл сайын міндетті түрде өткізізіледі. «Табиғат сыйы» тақырыбында бүлдіршіндеріміз ата-аналарымен бірге тамаша өнерлерін көрсетті, түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығарды. Жоғары топтардың тәрбиеленушілері әртүрлі жемістерден керемет нәрселер жасады. Балаларымыздың қолөнерлері тегіс жиналып, балабақшаның акті залында осы тақырыпта ұйымдастырылған шағын көрмеге қойылды. Балалалар бір-бірінің жсаған заттарын көтеріңкі көңіл күймен тамашалады. Осы іс-шараға бір кісідей ат салысып қатысқан ата-аналарымызға шексіз алғыс білдіріп, үлкен рахмет айтқымыз келеді.
«Балдырған» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Г. Бекмағанбетова.