Тамыз конференциясы өтті
Аудандық мәдениет үйінде білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясы 2022 жылдың 27 тамызында өтті. Тамыз конференциясына Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, "Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағын ұйымдастыру" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбай Әбдірахманов, аудандық мәслихат хатшысы Асылхан Әлжанов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеиісова, ауыл және ауылдық округ әкімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім қызметкерлері және аудан педагогтары қатысты.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов өз сөзінде конференция қатысушыларын келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, Мемлекет басшысы мен үкімет қойған міндеттердің лайықты орындалуын, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту ісінде шығармашылық табыс тіледі.
Тамыз конференциясы барысында білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері, кәсіби шеберлігі және жұмыста қол жеткізген нәтижелері үшін аудан әкімі бірқатар алғыс хаттарды табыс етті.
Білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясы концерттік бағдарламамен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.