"Стоп наезд" акциясы өткізіледі
2022 жылдың 19-21 шілде аралығында Державинск станциясындағы желілік полиция қызмет көрсету учаскесінде "Стоп наезд" акциясы өткізіледі.
Державинск станциясындағы желілік полиция бөлімшесі азаматтарды темір жол көлігі нысандарында абай болуға, өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады. Есіңізде болсын, теміржол көлігі – бұл жеке қауіпсіздік ережесін сақтау қажет жоғары қауіпті аймақ:
- Жаяу жүргіншілер көпірлерін, тоннельдерін, төсемдерін пайдалана отырып, жақындап келе жатқан поездың немесе маневрлік локомотивтің жоқтығына көз жеткізіп, белгіленген орындарда теміржол жолдарын бағдаршамның рұқсат беретін сигналына өту қажет.
Балаларды вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар платформаларында, теміржолдардың жанында қараусыз қалдырмаңыздар. Олардың қолдарынан немесе қолға көтеріп ұстаңыз. Жоғары қауіпті объектідегі ойындар мен ұқыпсыздық – балалардың жарақат алуының басты себептерінің бірі.
Державин станциясындағы Желілік полиция бөлімшесі.