Ертегі терапия арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту
Қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдары адамдарға үлкен әсер етуде. Жаңа технологиялар біздің өмірімізге ғана емес, балаларымыздың өміріне де белсенді түрде енуде. Компьютерлер, теледидарлар, планшеттер, гаджеттер көптеген мектеп жасына дейінгі балалардың өміріне берік еніп отыр. Теледидар экраны әжелердің ертегілерін, аналардың әлдиін, әкесімен болған әңгімелерді толығымен алмастырды. Экран баланың негізгі «тәрбиешісіне» айналады. Бұл «зиянсыз іс» тек балаларға ғана емес, сонымен бірге ата-аналарға да қолайлы. Шын мәнінде, ата-аналар «бала мазаны алмайды, ешнәрсе сұрамайды, тәртіпсіздік жасамайды, оған еш қауіп төнбейді, сонымен қатар жаңа бір нәрсені үйренеді, қазіргі өркениетке бейімделеді», - деп ойлайды. Менің ойымша компьютерде отырған бала өзімен-өзі, ол үнсіз ойнайды, бұл сөйлеудің дамуына жағымды әсер етпейді. Экранның алдында отырған бала сөйлеуді үнемі естиді. «Бала ересек адаммен немесе мультфильм кейіпкерімен сөйлескеннің не айырмашылығы бар? Естілетін сөйлеудің қанық болуы сөйлеу тілін дамытуға ықпал етпей ме?», - деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ айырмашылығы өте үлкен.