"Зымыран - 2021" оқу жаттығуы
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың апатымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылдарға әзірлігі" тақырыбы бойынша "Зымыран-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді.
Алдын ала әзірленген өткізу жоспарына, сценарийге сәйкес тактикалық-арнайы оқу-жаттығуды өткізу барысында басқару органдарының, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның, аудандық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының, авариялық-құтқару қызметтері құрылымдарының "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау және жүргізу жөніндегі әзірлігі тексерілді. Ол Державин қаласының аумағында ҚТҚ полигонында өтті. Шараға 32 адам, 17 бірлік техника атсалысты.