Қасым Қожабековке «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қасым Қожабековке «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағын беру құрметіне салтанатты жиналыс өтті.
Оған аудан және қала әкімімен аудандық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің және бөлімдердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов 2023 жылғы 17 қазанда сегізінші шақырылымның кезектен тыс 12 сессиясында Жарқайың аудандық мәслихат депутаттарының шешімімен бекітілген «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағын Қасым Қожабековке табыс етті.
Қасым Қожабеков, «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы: - Мен өзімді бұл атаққа лайықтымын деп есептемеймін. Тек ауданымыз үшін қолымнан келгенше күш жігерімді аямай қызмет етуге дайынмын. Бұл менің ғана жетістігім емес. Бұған жанымда жүрген ауылшаруашылық мамандары, ұжымым сеп. Үй көлік бәрі бола береді. Тек бұл қолымыздағы дүние, әдемі ғимараттар, жерлер ата бабамыздан қалған. Біздің мақсат соны қорғап, келешек ұрпаққа қаз қалыпнда әрі көбейтіп жеткізу болмақ. Баршаңызға рахмет айтамын.
Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында аудан әкімі Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Жарқайың ауданын дамытуға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатын табыс етті.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.