г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Ақмола облысы білім басқармасы Державин қаласының Надежда Крупская атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де Мемлекеттік қызметтерді көрсету

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі және көрсетілетін қызметті алушының тең қолжетімділігі, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен күттіруге немесе кейінге қалдыруға жол бермеу қағидаттарына негізделеді.
«Державин қаласындағы Надежда Крупская атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де 2021-2022 оқу жылында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының негізінде 5 мемлекеттік қызметі көрсетіледі:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
2. «Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
3.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау. "
Оқу жылының басынан бері 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары ресми интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілікке қолжетімді орындарда орналастырылған. Мектеп ғимаратында мемлекеттік тілде және орыс тілінде мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті мен стандарттары жазылған ақпараттық стенд орнатылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуде заң бұзушылықтар жоқ, қызмет алушылардан да шағымдар түскен жоқ.
Мектеп директоры: Малгаждарова К. Б.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…