Жарқайың ауданының мәдениет үйінде «Ұстаздар күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті
Жарқайың ауданының білім беру бөлімі мен Жарқайың ауданының білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының бірігуімен 2022 жылдың 28 қыркүйек күні Жарқайың ауданының мәдениет үйінде «Ұстаздар күніне» арналған салтанатты іс-шара өткен еді.
Мерекелік шараға Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов қатысып ұстаздарды, педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтаған болатын. Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасының және Жарқайың ауданы әкімінің бірқатар алғыс хаттарын табыс етті.
Салтанатты іс-шарада Жарқайың ауданының білім беру бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеиісова, Жарқайың ауданының білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Роза Сәдуақасова құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты шара жас мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне ант берумен және 20 жылдан аса педагогикалық өтілі бар ұстаздарға, осы жылы зейнеткерлікке шыққан ұстаздарға сыйлықтар мен сауықтыру орталықтарына сертификаттар табысталды. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін мұғалімдер мерекелік концерт ұсынылды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.