г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2022 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 1қыркүйегінен  8 қыркүйегі аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 7 қыркүйекте мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. дөңгелек стол барысында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қарастырылды.
  2. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшының міндетін атқарысушы Қымбат Серікқызы Белгібаева бөлім қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас құқық бұзушылықтарының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
  3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті ныфғайту мақсатында, 2022 жылдың 6 қыркүйегінде Тасөткел ауылының мәдени демалу орталығының ғимаратында» Барлығымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
  4. «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 7 қыркүйегінде жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Нақты акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы аудандық аурухананың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
  6. «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 6-7 қыркүйегінде «Державин қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Қ.Ордабаевтың, «Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы Д.Садықовамен «Мемлекеттік сатып алулар туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы туралы» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
  7. «Жарқайың ауданы Пятигор ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
  8. Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді тдамыту және спорт бөлімі» ММ Нахым ауылының кітапханасының қызметкерлерімен 2022 жылдың 8 қыркүйегінде оқушылармен «Сыбайлас жемқорлық қоғамның басты проблемасы» ақпараттық сағатын өткізді.

         Жарқайың ауданының әкімдігі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…