Анна Семеновна Шевцованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Державин қаласының тұрғыны Анна Семеновна Шевцованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Аудан әкімі Анна Семеновнаға зор денсаулық, рух сергектігі мен амандық тіледі. Сондай-ақ, атаулы меретоймен аудандық мәслихат хатшысы Асылхан Әлжанов, Державин қаласының әкімі Талғат Бейсенов, Жарқайың ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлбосын Ахметова құттықтады.
Анна Семеновна 1922 жылы 9 қыркүйекте Калуга облысы, Жиздрин ауданы, Орля ауылында дүниеге келген.
Анна Семеновнаның байлығы тек жасы ғана емес, сонымен қатар ең басты байлығы – балалары, немерелері, шөберелері, шөпшектері. Қызы Нина Григорьевна – зейнетке шыққан, Державин қаласында тұрады, қызы Валентина Ленинградта дәрігер болып жұмыс істеді, өкінішке орай қайтыс болған. Тағы бір ұлы Ресейде тұрады, кіші ұлы Григорий отбасымен-анасының қасында, Державин қаласында тұрады. Біздің мерейтой иесінің 7 немересі, 10 шөбересі және 2 шөпшегі бар.
Өзінің адал еңбегі үшін Анна Семеновна өз мұрағатында құрмет грамоталары, Коммунистік еңбек Екпіндісі белгісі, "Еңбек ардагері" медалі бар, сондай - ақ "соғыс жылдарында жұмыс істеген тыл еңбеккері" мәртебесіне ие.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.