г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар

Жарқайың ауданының әкімі Ж. Қ. Хамитов бекіткен 2022 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 18-24 тамыз аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. 24 тамыз күні Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында "Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
  2. Жарқайың ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Державинск қаласының "Жасыл ел" жасағының сарбаздарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және оның жастар арасында алдын алу әдістері туралы әңгіме өткізді
  3. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің маманы Жанат Мыңбаев бөлім ұжымымен "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар" тақырыбында әңгіме өткізді.
  4. "Адал бизнес" акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы Т.Шпанов 2022 жылдың 22 тамызында жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" атты жұмысын жалғастырды. Аталған акция барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлерінің өкілдері арасында әңгіме жүргізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маманы Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес" жүргізуге шақырды.
  5. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында 2022 жылғы 22 тамызда Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ басшысы аудан басшылары арасында "Сыбайлас жемқорлықты жеңу жолдары" тақырыбында әңгіме өткізді. Іс-шара барысында басшы баяндама оқып, талқылау өткізді
  6. "Адал-көмек" жобасы аясында 2022 жылдың 23 және 24 тамызында Жарқайың ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" ММ бас маманы М. Ачханованың және "Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім беру бөлімінің әдістемелік орталығы" КММ әдіскері Б. Исаеваның қатысуымен "Мемлекеттік сатып алу бойынша тарату жұмысы" тақырыбында және "Рухани жаңғыру-болашақтың бекем бағдары" тақырыбында тікелей эфирлер өткізілді.
  7. 2022 жылғы 23 тамызда "Жарқайың ауданының Львов ауылы әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды кеңінен тарту мақсатында ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
  8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу мақсатында 2022 жылғы 24 тамызда Жарқайың ауданының "Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Құмсуат ауылдық кітапханасының қызметкерлері оқырмандармен сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу бойынша әңгіме өткізді.

Жарқайың ауданының әкімдігі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…