Құрметті жарқайыңдықтар!
Сіздерді бүгінгі тамаша мереке - спорт Күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын!
Спорт - денсаулық кепілі. Дене шынықтыру мен спорт – салауатты өмір салтының, қоғамның әлеуметтік және мәдени дамуының ажырамас бөлігі.
Олар мемлекет пен азаматтар арасындағы достық қатынастың дамуына айрықша ықпал етеді. Біз әртүрлі дәрежедегі жарыстарға қатысушы өз жерлестеріміздің спорттық жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Спорт шеберлерінің қолынан эстафета алған жас спортшылардың жетістіктеріне қуанамыз.
Бүгінгі Спорт күні мерекесінде дене шынықтыру саласында қоғамның игілігі үшін еңбектеніп жүрген, отандық спорттың дамуына үлес қосып келе жатқандардың барлығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Ауданымызда салауатты өмір салтын дәстүрге айналдырған жас ұрпақтар биіктен көрініп, бойларына күш-қуат, жігер, жүйрік-ой бітсін!
Құрметті жарқайыңдықтар! Дене шынықтыру және спорт Сіздердің өмірлік серіктеріңіз болып, қуаныш пен таусылмас қуатқа кенелтіп, мәңгі жастық сезімін сыйласын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.