Жарқайың аудандық полиция бөлімін полиция подполковнигі Уразалин Алмас Төлегенұлы басқарды
2022 жылғы 8 шілдеде Полиция департаментінің бастығы Д.А. Таев Жарқайың ауданының полиция бөліміне жаңа бастық - полиция подполковнигі Алмас Төлегенұлы Уразалинді таныстырды. А.Т.Уразалин ішкі істер органдарында 2008 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс атқаруда, 14 жылдан астам түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Қызметін Көкшетау қаласы ІІБ мүліктік қылмыстарды тергеу бөлмінің тергеуші лауазымынан бастаған. Сонымен қатар, облыстың ІІД Тергеу басқармасының аймақтық бақылаудың аға тергеушісі болып жұмыс істеді, одан әрі Көкшетау қ. ІІБ тергеу бөлімшесінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар АІІБ бастығы және Ақмола облысының Астрахан ауданының ІІБ бастығы қызметтерін атқарған болатын. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Нұр-Сұлтан қ. ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі болып жұмыс істеді. Полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы Таев, А.Т.Уразалинге сөз сөйлеп, жедел-қызметтік жұмыста жемісті жұмыс пен жақсы нәтижелер тіледі.
Жарқайың ауданының полиция бөлімі.