Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Среда, 13 июля 2022 09:59
Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың 2022 жылға бекітілген парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 30 маусым мен 7 шілде аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Қ.С.Белгібаева аудан жастарының арасында жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөнінде әңгімелесу өткізді.
- Жарқайың ауданының өсіп келе жатқан буынның арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының маманы «Солнышко» балабақшасының оқушыларымен және тәрбиешілердің қатысуымен «Не жақсы, не жаман» психологиялық тренингін өтікзді.
- Львов ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
- Жемқорлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ 2022 жылдың 5 шілдесінде Уәлихан мәдениет үйі қызметкерлерінің арасында «Заң қорғауында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құқықтық сағатын өткізді, онда соңғы уақытта мәселе болған сыбайлас жемқорлықпен күресті талқылады. Талқылау барысында «жемқорлық» түсінігі, жемқорлық тарихы, жемқорлықтың түрлері, жемқорлық туралы заңнама, жемқорлықпен күрес әдістері қарастырылды.
- Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ 2022 жылдың 5 шілдесінде аудандық кітапхана қызметкерлерінің арасында жұмыс кеңесін өткізді, онда 1- ші қарастырылған сұрақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылыққа қатысты іс-шараларға арналды. Кеңес барысында іс-шаралардың неғұрлым тиімді және жаңа әдістерін қарастыру, нақты бағыттағы жұмысты белсендіру туралы айтылды.
- «Адал бизнес» акциясының аясында, Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Т.Шпановпен 2022 жылдың 5 шілдесінде жеке кәсіпкерлер арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын" тақырыбындағы жұмыс жалғастырылды. Бұл акцияның барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлер өкілдерінің арасында әңгімелесу өткізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпараты бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маман Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес" жүргізуге шақырды.
- «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 7 шілдесінде Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы В.Белыхтың қатысуымен «Тракторлар мен ауыл шаруашылығының өздігінен жүретін машиналарын жүргізуге құқық беру куәлігін беру» тақырыбында тікелей эфир өткізіді.
- «Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Жарқайың ауданынң әкімдігі.