Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов Балалар жылы аясында ауданның дарынды балаларымен кездесті
Вторник, 14 июня 2022 11:29
Кездесу еркін форматта өтті, дарынды балалармен ашық әңгіме ұйымдастырылды. Жастар аудан басшысына мектеп өмірі, қызығушылықтары туралы сұрақтар қойды. Аудан әкімі атқарылған жұмыстар мен болашаққа жоспарлар туралы айтып берді.
Кездесу барысында аудан әкімі барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыс етті. Кездесу аудан басшысымен бірлесіп суретке түсумен аяқталды.
Жарқайың ауданының әкімінің баспасөз қызметі.