ҚР Рәміздері күні
3 маусым күні ауданымызда ҚР Рәміздері күні ерекше аталып өтті. Аудандық мәдениет үйінің көрермендер залында концерттік бағдарлама қойылды. Оған аудан әкімі Жанболат Хамитов арнайы қатысып, мемлекеттік рәміздеріміздің халқымыз үшін маңызды нышан екенін және әрбір елі сүйген азамат бұл рәміздерді қастерлеу керек екенін айтты.
Жиын барысында салатанатты түрде сахнаға Еліміздің рәміздері шығарылды.
Шарада ұлттық нышандарымыздың мағыналық тұсы айтылды. Сонымен қатар, жиналғандар мемлекетіміздің әнұранын орындады. Тұғыры биік Туымыз, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамыз, және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Әнұранымыз, яғни, Мемлекеттік рәміздеріміз - тәуелсіздігіміздің айғағы.
Жиында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен орталықтандырылған аудан кітапханасының директоры Валентина Соболевская, «Жыл үздігі 2022» облыстық байқауында жыл қорытындысы бойынша мәдениет саласында еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде Ақмола облысы мәдениет қызметкерлері арасында «Үздік ұйымдастырушы» номинациясын жеңіп алған, Жарқайын аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Балауса Отарқызы Ғазезова марапатталды. Балауса Отарқызына облыстық байқау ұйымдастырушыларының дипломы және 300 мың теңгеге сертификат, сонымен қатар, «Жыл үздігі-2022» естелік сыйлығы табысталды.
Сондай-ақ, "Үміт 2022" ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында Облыстық спартакиададан жүлдемен оралған Жарқайың ауданының командасы марапатталды. "Үздік адамдар" үлкен халықаралық энциклопедиясының редакциясынан I дәрежелі дипломмен және "білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен Н.Крупская ОМ оқытушысы Ғазез Жолдыбаев, Халықаралық білім беруді дамыту және педагогикалық ғылымдар академиясы "Қазақстанның үздік мұғалімі" медалімен Н.Крупская ОМ оқытушысы Инна Почтарук. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолданғаны және насихаттағаны, сондай-ақ, оларға құрметпен қарауды қалыптастырғаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен аудан ұйымдары мен мекемелері марапатталды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай, ауданның патриоттық іс-шараларына белсенді қатысып, мақсатқа ұмтылушылығы мен ынтасы үшін аудан әкімінің алғыс хатымен мектеп оқушылары марапатталды.
Шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.