г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау – еліміздің дамуы мен ұлт денсаулығы үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға баулу – әр азаматтың міндеті. Осы бағытта республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, табиғатқа деген қамқорлықты нақты іспен дәлелдеудің жарқын үлгісі.

Осы бастаманың аясында 11 қазан күні Жарқайың ауданында кең ауқымды сенбілік өтті. Ауқымды шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, бөлім басшылары, жаттықтырушылар, спортшылар мен жасөспірімдер белсене қатысты. Олар Есіл өзенінің жағалауын күл-қоқыстан тазартып, аудан орталығындағы саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыруға өз үлестерін қосты. Ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Акцияға белсене қатысқан ұйымдардың қатарында Н.Крупская атындағы мектептің ұжымы ерекше көзге түсті. Аталған білім ордасының оқушылары, оның ішінде медиасынып мүшелері мен мектеп парламентінің өкілдері де бұл экологиялық шарадан шет қалмай, туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін нақты іспен көрсетті.

Мектеп оқушылары өз қолдарымен мектеп ауласын, оған іргелес аумақтарды тазалап, қоқысты жинап, жасыл желек егу жұмыстарына қатысып, тазалыққа деген жанашырлықтарын паш етті. Бұл шара – олар үшін тек сенбілік қана емес, қоршаған ортаны аялау мәдениетін бойға сіңіретін тәлімді тәрбие сабағы болды.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлықты арттыру. Сонымен қатар, қоршаған ортаға ұқыппен қарауға дағдыландырып, ел болашағы – жас ұрпақтың бойына табиғатты аялау жауапкершілігін сіңіру.

Аталған акция – ұрпаққа үлгі болатын маңызды бастама. Қарапайым тазалықтан басталған іс – үлкен мақсаттарға жол ашады. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай іс-шаралар тек тазалықпен шектелмейді. Олар – адам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысты қалыптастырудың бірден-бір жолы.

Сенбілікке қатысқан әр азаматтың көңіл күйінен табиғатқа деген сүйіспеншілік пен ұлт болашағына алаңдаушылық анық байқалды. Жасөсіпірмдерден бастап, сала мамандарына дейін бір кісідей жұмылып, туған өлкені таза ұстау үшін күш біріктірді. Мұндай шаралар аудан тұрғындарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдырудың жарқын үлгісі саналады.

Қатысушылар өздерінің тек сөзбен емес, нақты әрекетпен ел болашағы үшін еңбек етіп жатқанын мақтанышпен жеткізді. Әсіресе, мектеп оқушыларының белсенділігі мен жауапкершілігі көңіл қуантады. Олар тазалық жұмыстарына үлкен ынтамен кірісіп, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Табиғат – бізге аманат. Оны сақтау – болашақ ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұрамыз. Таза ауа, мөлдір су, көк шалғын – адамның денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Егер біз бүгін табиғатқа бейжай қарасақ, ертең оның кері әсері қоғамға қатты тиюі мүмкін.

Сондықтан мұндай сенбіліктер тек бір күндік шара емес, ел азаматтарының экологиялық сана-сезімін арттыратын, табиғатпен үндестікте өмір сүруге тәрбиелейтін тұрақты үрдіске айналуы тиіс. Табиғатқа жанашырлық – өзімізден, үйімізден, мектебімізден, ауламыздан басталады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жастардың рөлі ерекше. Олар – елдің ертеңі, табиғаттың келешек қорғаушылары. Сол себепті мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды табиғатты сүюге, оны қорғауға, айналасына бейжай қарамауға тәрбиелеу – ұстаздар мен ата-аналардың басты міндеті.

Н.Крупская атындағы мектеп оқушыларының бүгінгі бастамасы – басқа білім ордаларына үлгі боларлық іс. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар мектеп өмірінің маңызды құрамдас бөлігіне айналуы керек. Өйткені, табиғатпен үндескен ұрпақ – болашағы жарқын елдің кепілі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген сенбілік – ел игілігі үшін атқарылған игі істердің бірі. Ол тек тазалық шарасы емес, ұрпақты табиғатты сүюге, туған өлкеге құрметпен қарауға баулитын маңызды тәрбие мектебі. Қатысушылар өз еңбегімен туған жердің көркеюіне үлес қосты. 

Тазалық – тек физикалық ұғым емес. Ол – рухани құндылықтың, ішкі мәдениеттің, азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Ал табиғатқа жанашырлық – әр адамның жүрек түкпірінен басталатын сезім.

Мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрса, экологиялық мәдениеттің деңгейі жоғарылап, келешек ұрпаққа таза, жасыл, көрікті Қазақстанды аманаттай алатынымызға сенім мол.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы

 

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…