Қаламызда 700 түп көшет отырғызылды
Ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау үшін жыл сайын "Республика күні" және "Орман шаруашылығы қызметкерлер күні" мейрамдарына орай бүкілқазақстандық ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті. Оған ауданымыздың барша мемлекеттік мекемелері мен бөлімдерінің басшылары, мамандары қатысып, табиғатты көркейтуге өз үлестерін қосты. Державин қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, науқан аясында 700 түп ағаш отырғызылған. Акция аудандық аурухананың алдында басталып, аудандық мұражайда және ауданымыздағы білім беру мекемелерінде жалғасын тапты. Биылғы отырғызылған көшеттер келер жылы жайқалып, бүр жармақ. Мереке аясында барша қатысушылар ақжарқын көңілде, бір адамдай атсалысты. Әр қайсысы бір еккенде бірнеше түпті бірақ екті. Коммуналдық мекеме суару жұмыстарымен айналысты. Әрбір бөлімге арнайы орындар белгіленіп берілді. Жерді қопсытып, талды егіп артынша суарып отырды. Жасыл желек ауданымызға көрік беріп қана қоймай, таза ауаның артуына кепілдік берері сөзсіз.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.