Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында есептік баспасөз конференциясы
Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің есептік баспасөз конференциялары өтуде.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов баяндама жасап, ауданның 2023 жылғы 9 айдағы даму нәтижелері туралы айтты.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Ағымдағы жылдың 9 айында Жарқайың ауданына екі есе көп инвестиция тартылды. Индекс өткен жылмен салыстырғанда 206,8% құрады. Инвестиция көлемі-8 млрд. 509,3 млн. теңге.
ҚҰРЫЛЫС
Жарқайың ауданында құрылыс көлемі төрт есеге жуық өсті. Егер өткен жылы ол 662,5 млн. теңгені құраса, қазіргі жылы 2 млрд 527,1 млн.теңгеге дейін өсті.
КӘСІПКЕРЛІК
Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп айналымы 9 айда 2 млрд.365,1 млн. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аудан аграршылары 24 млрд. 906,4 млн. теңге сомасына өнім өндірді.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Державин қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта құрудың 3 кезегі жүзеге асырылуда. Биыл жобаны іске асыруға 450,7 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Шойындыкөл ауылының жерасты сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба сомасы-603,1 млн. теңге.
ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Жарқайың ауданының жол инфрақұрылымын жақсартуға ағымдағы жылы Тассуат, Далабай, Пятигорское ауылдарының, Державинск қаласының, Гастелло ауылының кентішілік жолдарын орташа жөндеу үшін 585 млн.теңге бөлінді.
БІЛІМ САЛАСЫ
Гастелло және Отрадное ауылдарындағы мектептерді, "Шаңырақ" бөбекжайын күрделі жөндеуге 2023 жылы 229,8 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Тасты-Талды, Далабай, Бірсуат, Кенское ауылдарындағы мектептер ағымдағы жөндеуден өтіп, Пригородное ауылындағы мектептегі жылыту қазандықтары ауыстырылды.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.