«Халық заңгері» республикалық акциясы
Пятница, 02 июня 2023 04:05
26-мамырда Аудандық мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдау өткізілді.
Акция барысында, Жарқайың ауданының азаматтары тегін заңгерлік кеңес ала алды.
Акцияға: полиция, көші-қон қызметі бөлімінің өкілдері, аудан ұйымдарының басшылары қатысты.
Жарқайың ауданының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халықты жұмыспен қамту, сәулет және қала құрылысы, жер мәселелері және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.
Барлық сұрақтарға аудан тұрғындары заңнамаға сәйкес тиісті кеңестер мен ұсынымдар алды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.