«Алтын күз....»
Среда, 23 ноября 2022 10:22
"Доброе сердце" қоғамдық қорының күндізгі жартылай стационарында "Алтын күз" деп аталатын "Күзгі бал" іс-шарасы өтті.
Байқауға 9 бала қатысты. Барлық қатысушылар әдемі, белсенді, көңілді және жеңіске жетуге дайын болды.
Іс-шара барысы 5 байқау кезеңінен өтті: 1-ші кезең – «Вальс», 2-ші кезең – «Тауып көр», 3-ші кезең – "Ең мықты", 4-ші кезең – "Банан", 5-ші кезең – "Би шайқасы". Балалар тапсырмаларды өте жақсы орындады, сондықтан қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Байқаулар арасында қатысушылар өздерінің таланттарын көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Байқау қорытындысы бойынша «Күз аруы мен мырза» Екатерина Унтерейнер мен Қазбек Мыңбаев танылды. Қалған қатысушылар:
- Закалюкина Елена "Ең сүйкімді" номинациясы;
- Лиходед Оксана "Ең ізденімпаз" номинациясы;
- Әбдіғожин Асылхан "Ең белсенді" номинациясы;
- Шнеф Денис "Ең епті" номинациясы;
- Батырбеков Елхан "Ең мықты" номинациясы;
- Ткаченко Любовь "Ең көңілді" номинациясы;
- Йолчуева Гюнай "Ең кішіпейіл" номинациясы бойынша грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
"Доброе сердце" ҚҚ әдіскері Людмила Берман.