Пешті қолданған кезде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар
Понедельник, 15 ноября 2021 10:09
Өрттердің болу жағдайына табиғи-климаттық құбылыстар айтарлықтай әсерін тигізеді. Жану жағдайларының көбі тұрғын үй секторына келеді, онда үйлер, құрылыстар, моншалар жанады. Өрттер тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған иелерінің кінәсінен болып жатыр. Суық түскен уақыттан бастап, тұрғын үй секорының тұрғындары пештерін жақты, анығырақ айтсақ, осы мерзімде өрттердің саны өседі, бұл болған өрттердің мерзімдік сипатында анық көрінеді.