Жарқайың ауданында тұрғын-үй секторында өрттің алдын алу шаралары
Тұрғын-үй секторында ескерту және өрттерді қысқарту мақсатында, Державин қаласындағы № 12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Жарқайың ауданының тұрғын үй секторын пысықтау бойынша алдын алу іс-шаралар жүргізілуде.
Бұл іс-шаралар мыналарды қамтиды:
- пәтерлерді және аулаларында тексерулер жүргізе отырып, әңгімелер мен жадынамалар таратылды;
- ақпараттық жадынамаларды тарату, онда қол жетімді баяндалған негізгі тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері, тұрмыста газды пайдалану және төтенше жағдайдағы уақытында халықтың іс-әрекеті;
- өз бетімен жүріп-тұруға қабілетті емес және онда тұратын мүгедектер мен қарт адамдары бар пәтерлерді арнайы есепке алу;
- балалардың отпен ойнауын болдырмау бойынша және өрт туындаған кезде азаматтардың іс-әрекеттеріне нұсқама өткізу;
Жарқайың ауданының тұрғындары өткізіліп жатырған іс-шараларға түсіністікпен қарайды, өрт қауіпсіздігіне байланысты көбі сұрақ қойып, №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінен өз құзырының шеңберінде жауап алады.
Державин қ.№ 12-ӨСБ-нің қарауыл бастығы
азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Сарыбаев