"Суда абай болыңыз!»
Су өмірдің қайнар көзі екенін бәріміз білеміз, бірақ оның адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі, техногендік және табиғи төтенше жағдайлардың себебі болуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Жаз мезгілінде ыстық ауа-райының әсерінен адамдар көлдердің, өзендердің жағасында демалып, балық аулайды.
Егер су айдындарындағы оқиғаларға талдау жасасақ, онда азаматтардың жартысы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан суға батып кетті, үштің бір бөлігі мас күйінде суға батып кетті, қалғандары-балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруына байланысты болды.
Судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау жасөспірімдердің ойынына, бір-біріне итермелеуге немесе абайсыздыққа байланысты қайғылы оқиғаларға әкелетінін есте ұстаған жөн.
Есіңізде болсын, пикникте, жағалауда немесе шомылуда абай болыңыз, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, сізге таныс емес жерлерде шомылмаңыз, өзеннен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Құрметті аудан тұрғындары! Есіңізде болсын, Сіздің және сіздің туыстарыңыздың, балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Жарқайың ауданының ТЖБ және Державинск қаласының 12-ӨСБ.