«Қауіпсіз көлік» кезекті акциясы өтті
«Қауіпсіз көлік» акциясы аясында Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, қоғамдық көлік жүргізушілері арасында әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар, автокөлік құралдарында өрттерге жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Өкінішке орай, көптеген көлік жүргізушілері өз автокөлік құралының өрт қауіпсіздігі туралы ойлай бермейді. Өрттің алдын алу және өртке қарсы ахуалды жақсарту мақсатында мамандар автокөлік құралының техникалық ахуалын пайдалану алдында мұқият тексеруді және өрт сөндірудің бірінші құралдарының болуын ұсынады.
Автокөлік иелерінің назарына! Есіңізде болсын, автокөліктегі оттың шығу себептері – бұл резеңкенің немесе пластмассаның күйген иісі, түтіннің шығуы. Егер сіз осы факторлардың біреуін тапсаңыз автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты сөндіріп (газбен жұмыс істейтін автокөліктерде магистралды және баллон шұраларын жабу), автокөлікті мұқият тексеру қажет. «101» немесе «112» нөмірі бойынша өртке қарсы қызметіне өрт жайында хабарлаңыз және өрт сөндірушілер келгенге дейін қоласты құралдарымен өртті сөндіруге тырысыңыз.
Жарқайың ауданың ТЖБ және Державин қ. 12–ӨСБ.