Жылыту маусымы
Жылыту маусымы басталуымен, пештер мен мұржаларды дұрыс орнатпау, немесе оларды пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан өрттердің саны артады. Соның нәтижесінде, тұрғын үйлер, аула құрылыстарын өрт шарпып, қомақты материалдық шығын келтіріледі.
Қыс жақындап келеді, сондықтан пешті пайдаланудағы негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып кеткіміз келеді. Жылыту мауысы басталмас бұрын, барлық пештер мұқият тексеріліп және жөнделуі қажет, себебі пештер мен мұржалардағы жарықтар үлкен қауіп төндіреді. Пешті есігін ашық күйде немесе есігін жабуға кедергі келтіретін жағдайда жағуға болмайды. Пештегі көмірлерді, қақпағы бар арнайы бөшкеге салу керек. Пешке от жаққанда, сұйық жанар майларды мүлдем пайдалануға болмайды. Бұл тек өрттің шығуына себепші болып қана қоймай, сондай ақ қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.