г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Көктемгі су тасқындары мерзімі

Қардың қатты еруіне немесе жауын-шашынның көп жауына байланысты біздің аймаққа тән көктемгі су тасқыны мерзімі басталуда.
Су тасқындар нәтижесінде өзендердегі, көлдердегі, жасанды суаттардағы судың деңгейі қатты көтеріліп, төменде орналасқан елді мекендердің, шаруашылық жүргізу объектілердің, жер үсті және жер асты коммуналдық-энергетикалық желілердің апатты су басуына, гидротехникалық құрылыстардың (бөгет, көтерме, қорғау үйме) бұзылуына және жарылуына әкеп соғуы мүмкін. Су басуына ғимараттардың және құрылыстардың төменгі қабаттары, жеке үйлер және даладағы құрылыстар, электр байланыс тіректері және құбырлары түсуі мүмкін, бұл олардың бұзулуына және құлауына әсерін тигізуі мүмкін. Жол участкелері мен көпірлердің су басуы және бұзылуы халықты және шаруашылық жүргізу объектілердің тіршілік жасау және жұмыс істеу үшін барлық қажеттілігімен қамтамасыз етуде іркіліске әкелуі мүмкін. Су тасқынның апаттардың басқа түрлерінен айырмашылығы болжамды болуында.
Қауіп қатерлі кезеңде БАҚ арқылы жіберілетін гидрометеоқызметінің хабарларын және ТЖ тиісті органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.
Зардаптарды алдын ала ескерту және төмендету бойынша қажетті шаралар:
- көшелерді, аулаларды, ғимараттардың төбелерін, өтулерді, кіру және шығу жерлерін, су құбырларын, су жүретін жерлерді қардан алдын ала тазарту;
- аймақтарды қоқыстан тазарту, жауын қабылдайтын құдықтарға және су тазартатын коллекторларға ерекше назар аудару;
- орнықты емес конструкцияларды және құрылыстарды бекіту;
- су сорғыш көлікті, механизмдерді, құралдарды дайындау;
- тамақ және судың қажетті қорын жасау;
- шұғыл көшіруді дайындау (қажетті заттар, құжаттар, ақша, дәрігерлік қорапша, үш тәулікке жететін тамақ және су қоры), қауіпсіз орындарды және оларға ең қысқа қозғалыс маршруттарын белгілеу;
Ауылды аймақтарда өздерінің қосалқы шаруашылығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жасау, азық-түлік дайындау және ауылшаруашылық малдарды асыру үшін қауіпсіз орындарды белгілеу.
- үйлеріңізді, пәтерлеріңізді қорғау үшін қажетті жұмыстар жүргізу: есіктер мен әйнектерді бекіту, жоғары қабаттарға (шатыр, төбе) үй нәрселерін және бағалы заттарды апарып қою, ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауіпсіз орынға жеткізу.
- электр құралдарын және электр желілерін, газ және коммуналдық шаруашылық аспаптарын судан сақтау бойынша шаралар қолдану.
Егер сіз су басу ауданында болсаңыз:
- суға түскен азық-түліктерді жемеңіз, қайнатылған су ғана ішіңіз;
- дымқыл және су болған бөлмелерде электр желілерін және электр аспаптарын қолмен ұстамаңыз;
- аймақтан және бөлмелерден суды басқа жерге жіберу бойынша ең белсенді шараларын қолдаңыз;
- электр және газ құралдарын тек қана оларды тексеріп және жақсы құрғатқаннан кейін қолданыңыз.
Әр жағдайда өзіңді ұстау білу қажет, тез және нық әрекет жасаңыз!
Есіңізде болсын, жерде жатқан өткізгіштер жанында 8 метрден жақын тұру өмірге қауіпті.
Су ағып кеткеннен соң ғимаратқа сақ кіріңіз. Тек қана бөлмелерді құрғатып, құралдарды тексеріп, содан соң ғана электр қуатымен және газбен пайдалануыңыз мүмкін.
Көктемгі наурыз айы келді – көктемгі су тасқыны және мұз жүру уақыты. Өзеңдерде және көлдерде мұз босайды, күннің көзі қардың жоғары жағын ерітіп, төменгі жағы сумен толады. Мұз үстінде жүру өте қауіпті: әр жағдайда аяқ астындағы мұз бұзылып, мұз астына түсіп кетуің мүмкін. Осы уақытта шұңқырлар қауіпті, оларда ор-тор,құдықтар болып шығу мүмкін. Көктемгі су тасқыны балаларға үлкен қауіп төндіреді.
Балалар! Көктемгі су тасқында мұзға шықпаңдар.
Мұзда ойнамаңдар.
Құлайтын және су келетін жағада тұрмаңдар – олар опырылып түсу мүмкін.
Ата-аналар және оқытушылар! Есіңізде болсын, көктемгі су тасқында суаттарда қайғылы оқиғалар балалармен жиі болады. Балаларды суаттарға жібермеңіз, мұз жүру уақытта ерекше: оларды мұзда болғанын, суаттарды ашқанда қауіпті туралы алдын ала ескертіңіз.
Балық аулаушылар! Сақ болыңыз, көктемгі жұқа мұзға шықпаңыз, өз өміріңізді сақтаңыз.
Бейсембаев Ринат, Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…