г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Хобби қайғылы жағдайға айналып кетпесін

Әрбір адам мұз үстінде балық аулау, аңға шығу кезінде төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.

Қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық жасамайды. Мұзды аймақта жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кету және өзге де оқыс оқиғалар орын алуы бек мүмкін. Мұзда қалу жағдайында әрбір адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.

Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз — мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ ойылып кетеді. Мұздың үсті мен аяқ астында майда жарықшақтар болмаса жүруге болады.

Егер сіз қыс уақытында балық аулауға барсаңыз, мына талаптарды САҚТАУЫҢЫЗ КЕРЕК:

-бір-біріне жақын көп шұңқырды жалаушамен белгілеп қойыңыз (түнімен қар үйіліп қалмас үшін);

-балық аулаушының өзімен бірге құтқару заттары болуы керек (12-15 м жіп);

-жалғыз адам балық аулауға болмайды;

-шұқанақта балық ауламаған жөн.

-ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінгі мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.

Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: күз бен қыста боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағысты өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.

Жарқайың ауданы ТЖБ.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…