г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Тұңғыш президент: Тұлға. Тарих. Тағылым»

Желтоқсан - біз үшін ерекше айлардың бірі. Дәл осы айда еліміздің қоғамдық өмірінде маңызды саяси, тарихи оқиғалар болды. Атап айтсақ, 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті. Сол жылдың 10-желтоқсанында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Ал, 16-желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялап, өз алдына бөлек шаңырақ көтерді. Осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды, одан бері тура 30 жыл өтіпті.
Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Сол уақыттан бері жыл сайын тойланып келе жатыр. Өз басым, Президентіміздің еліміз үшін жасаған еңбегі көп деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлының саясатының негізінде біз бүгінде әлемге танымал ел болып отырмыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлы мүдделерді мұрат тұтып, ел игілігі үшін аянбай қызмет етті әрі қастерлі міндетке барша жұртты жұмылдырды. Халқына сенім артты. Бұл турасында Елбасы өз сөзінде «Сол жылдары ел тізгіні өзімізге тиген уақытта мен тек халықтың сеніміне сүйендім. Ел сенімі маған күш-қуат берді. Содан бері тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз» деді.
Шын мәнінде, әлемдік саясаткер, тарихи тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, салиқалы саясатының арқасында жаңа Қазақстанның, жаңа экономиканың, жаңа қоғамның іргесі қаланды. Мемлекеттің шекарасы бекітіліп, дамудың қазақстандық жолы қалыптасты. Бүгін міне бірлігі жарасқан, болашағы жарқын, тәуелсіз еліміз бүкіл әлем таныған абыройлы, беделді және мәртебелі мемлекетке айналды. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, барша әлем мойындап отырған бірегейлігі Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есмімен тығыз байланысты. Оның қазақстандық мемлекетшіліктің қалыптасуындағы рөлі теңдессіз.
Қазіргі Қазақстан көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар тәуелсіз мемлекет. Еліміз дамып келуде, оның дамуына әрбір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. Сондықтан, Қазақстанның әрбір саналы азаматы осындай дербес елді аяғына тұрғызып, мерейін үстем еткен Елбасына құрмет көрсете білуі керек. Халқымыздың ауызбіршілігі артып, ынтымағы нығая берсін. Әрбір арайлап атқан күніміздің қадірін сезініп, бейбіт ғұмырдың бағасын білейік. Тұрақтылық пен тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің мекеніне айналған Отанымыздың мерейлі мерекесі құтты да берекелі болсын!
Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ бағдарламашысы Е.Хакім.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…