Халық бағына туған тұлға
30 жыл дегеніміз тәуелсіз мемлекет үшін көп уақыт емес. Тәуелсіздік алған күннен бастап жаңа жағдай, сол жағдай ерекшеліктерін көлденең тартқан мүлде басқа мемлекеттік ахуал қалыптасты. Геосаяси кеңістігімізді қайтадан қалыптастыру процесіне жаңа көзқараспен қарауға қажеттілік туды.
Уақыт өткен сайын өз тарихымызға қайта үңіліп, біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің жаңа беттерін ашып, Қазақстан тәуелсіздігінің көне дәстүрлерін жаңғыртып, жаңа құндылықтарды қалыптастырудамыз. Ғасырлар қойнауынан асыл азаматтарымыздың мұрасын аршып алдық.
Тәуелсіздіктің мәнін толық түсіну үшін, ең алдымен тарихымызды білуіміз керек, сол арқылы бүгінгі заманның ерекшеліктерін айқындаймыз және болашағымызды нақты бағдарлаймыз. Өз еліңнің тарихын білмей, бүгінгі күнді түсіну қиын болады, сонымен қатар болашақты жоспарлау мүмкін емес.