Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым
Четверг, 04 ноября 2021 06:57
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында кесек-кесек ойлар айтылды. Тәуел¬сіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктеріміз бен әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылу үшін қандай бағыт-бағдар ұстануымыз керектігі жөніндегі ұстанымдар зиялы қауымның, оның ішінде тілші-ғалымдар мен тіл жанашырларының көңілінен шыққанын ерекше айтқым келеді.
Тәуелсіздік пен тіл – егіз ұғым екені бесенеден белгілі. Өйткені ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайтыны ақиқатқа айналғаны анық. Мемлекет басшысы Тәуел¬сіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалғанын, сондай-ақ қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны арта түскенін айтып өтті.