г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысында Тәуелсіздігіміздің мерейтойына арналған халықаралық айтыс өтті

Облыс орталығы, Қазақстанның мәдени астанасы – Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты халықаралық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ақындар айтысына Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдың түрлі аймақтарынан 12 айтыскер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара қазақ халқының рухани мұрасын насихаттауға, ақындық импровизацияны дамытуға, ақындардың мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін арттыруға, халықты дәстүрлі фольклорлық шығармашылыққа баулуға бағытталған.

Қатысушылардың шеберлігін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберли Мырзабек, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы Ерболат Баятұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жамбек, ақын, журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Алмас Темірбай бағалады.

Ақындық турнир барысында ақындар республиканың егемендік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, саяси тұрақтылықты, достықты, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін жырлады.

Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде мен 1,5 миллион теңге көлеміндегі сертификатты Батыс Қазақстан облысынан келген Мурадым Мирланов жеңіп алды.

Бірінші орын және 1 миллион теңге сомасындағы сертификатты Қырғызстаннан келген Темірбек Матыбаев иеленді.

Екінші орынды Қытай Халық Республикасынан Ерлан Аманқожа мен Нұр-Сұлтан қаласынан Әсем Ережеқызы алды. Оларға 650 мың теңге сомасында сертификаттар берілді.

Үшінші орынды Ақмола облысының өкілдері бөлісті - Көкшетаудан Нұрмахан Жақыпбек және Ерейментау ауданынан Ерлан Дәулет 500 мың теңгенің сертификатын алды.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола жерінде жарқын мәдени іс-шара өтті. Қатысушылардың әрқайсысы шеберлік пен импровизацияның жоғары деңгейін көрсетті. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін және барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтаймын», - деді айтыскер Нұрмахан Жақыпбек.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде 1000-нан астам түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…