г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

«Үміт-Надежда» спартакиадасы өтті

Қазақ халқы ежелден қарттарын сыйлап мүгедектігі бар адамдарға әрдайым қолдау берген. Бізді бала кезден бастап мұқтаж адамдарға қолғанат болуға тәрбиеледі. Жыл бойы қариялар мен мүгедектігі бар тұлғаларға қолдау көрсетеміз, бірақ жылдағы қазан айы ерекше орын алады. Бүгін, Республика Күні қарсаңында, Жарқайың өлкесінде тамыры осыдан 20 жыл бұрын басталатын «Үміт-Надежда» спартакиадасы өтті. Ашылу салтанатында, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова спортшыларды құттықтап, сөз сөйледі. Спартакиада бағдарламасында зиялы қауымнын ойыны - бильярд, зияткерлер ойындары – шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, пара спорт түрлері – Үстел теннисі мен жеңіл атлетика өткізілді. Қарттар арасында бильярдтан Бимендин Қайыргелді жеңіске жетті. Шахматтан қарттар арасында 1 – орынды Кадзоев Муса иеленсе, мүгедектігі бар тұлғалар арасында Нестеров Алексей жеңіске жетті. Дойбыдан қарттар санатында ерлер арасында Муратов Балғабек, ал әйелдер арасында Жаныспаева Сара жеңіске жетті, мугедектігі бар тұлғалар санатында Нестеров Алексей жеңіске жетті. Ерлер арасында тоғыз құмалақтан жеңіске жеткен Нұрбеков Әділ, әйелдер арасында Абдуалиева Нүриля жеңіске жетті. Үстел тенисінде қарттар санатында ерлер арасында 1 – орынды Ашенов Болат, ал әйелдер арасында Шварнева Людмила тоб жарды, мүгедектігі бар тұлғалар санатында ерлер арасында Парусимов Илья, ал әйелдер арасында Рева Екатерина үздік атанды. Пара спорт түрлері арасында Жарқайың ауданы үшін жеңіл атлетиканың орыны ерекше. Ақмола облысының пара жеңіл атлетикадан флагмынына айналған Жарқайың спортшылары бүкіл Республика көлемінде танымал. Доп лақтырудан әйелдер арасында халықаралық және Республикалық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері Жанадилова Асем айқын басындылықпен жеңіске жетті, ерлер арасында Есіл ауданының спортшысы Рахимов Эльдар жеңді. Ұзыңдыққа секіруде Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Стефанюк Павел жеңіске жетті. Балалар санатында қос сайыста ерлер арасында Батырбеков Елхан, ал қыздар арсында Унтерейнер Екатерина жеңіске жетті.

Жарысқа 50 – ден аса спортшы қатысты, биылғы жылы дәстүрлі додамыздың географиясы тек Жарқайың ауданымен шектелмей Есіл ауданының спортшылары да қатысты.

Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…