г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Кезекті медаль

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Марокконың Марракеш қаласында, мүгедектігі бар тұлғалар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік серия кезеңіне қатысқан Әсем Жанәділова мен оның жеке жаттықтырушысы Данияр Бектемісовті қарсы алу іс-шарасы өтті.

Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов спортшыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, табыс және жарқын жеңістер тілеп, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың алғыс хаттарын табыс етті.

Сондай-ақ, Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, Жарқайың БЖСМ директоры Айгүл Әлжанова, Жарқайың ауданы әкімінің мүгедектігі бар тұлғалар мәселесі жөніндегі кеңесшісі Әділ Нұрбеков құттықтау сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, біздің жерлестеріміз 40-тан астам елдің спортшыларының қатысуымен Марокконың Марракеш қаласында өткен мүгедектігі бар тұлғалар арасындағы жеңіл атлетикадан әлемдік серияның кезеңіне қатысты. Әсем Жанәділова аталған жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, күміс пен қола жеңіп алды.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…