Жарқайың ауданы әкімінің жүлдесіне арналған аудандық спартакиада жалғасуда
25 қарашада Жарқайың ауданы әкімінің жүлдесіне аудандық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер арасында аудандық спартакиада бағдарламасында бильярд бойынша жарыс өтті.
Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, Экономика және қаржы бөлімінің, Державин қаласы әкімдігінің құрама командасы иеленді. Екінші орында Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Ішкі саясат бөлімінің құрама командасы. Үшінші орынды, "Жарқайың ауданының Мансап орталығы" филиалы, "AMANAT" партиясының, Жастар ресурстық орталығының, "ТО Бірлік" қоғамдық қорының құрама командасы иеленді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.