Гір спортынан Ақмола облысының чемпионаты өтті
Жарқайың ауданында ағымдағы жылдың 1-3 қараша аралығында гір спортынан Ақмола облысының чемпионаты өтті.
Жарысқа: Сандықтау, Астрахан, Целиноград, Аршалы және Жарқайың аудандарынан барлығы 79 спортшы, оның ішінде 15 қыз бала қатысты.
Салтанатты ашылуында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов барлық спортшыларды спорт мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жарысқа келген меймандарда сөз сөйлеп, аудан ақсақалдары ақ батасын берді.
Ауданымыздың биші бүлдіршіндері би билеп, өнерпаздар әуелете ән салды.
Қатысушылар серпе көтеру және жұлқа көтеру сияқты жаттығуларда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша, чемпиондар Жарқайың ауданының спортшылары болды, Сандықтау ауданында «күміс», ал үшінші орында Астрахан ауданының командасы болды.
Ауданымыз жалпы саны 60 медальді еншілесе, соның 32-і алтын.
Айта кету керек, Жарқайың ауданының спортшылары тек республикалық жарыстарға ғана емес, сонымен қатар халықаралық жарыстарға қатысып, Әлем және Азия чемпиондары атанып жүр.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.