г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ФИФА-2022

19 ақпанда биылға екінші рет ФИФА-2022 киберспортынан жарыс өткізілді. Оған ауданымыздың 16 киберспортшысы қатысты. Бұл жолғы турнирдің ерекшелігі  командалар жұп жұбымен жарысты.

Ойын алаңынан жалпы 8 команданы көре алдық. Олар алғашында жеребе тартып, ойындағы командасы мен қарсыластарын анықтады. Кейін екі топқа бөлініп айналмалы жүйе бойынша ойын өрнегін көрсетті.  Қос топтан да плейофф кезеңіне 2-2 командадан өтіп, әр командадан бірінші болып шыққандар келесі топтын ұпай саны аз командасымен ойнады. Осылайша финалдық кезеңде Мейрам Жақсылық пен Ержан Ғазезден құралған "Жарқайың мешіті" командасы мен Оразхан Зейнолла және Нұрислам Жұмекеннен құралған "Банзай" құрамасы бірінші орынды сарапқа салды. Бұл сайыста айқын басымдықпен "Жарқайың мешіті" командасы  бірінші орынды қанжығалады. оларға аудан жастар ресурстық орталығының атынан кубок медаль мақтау қағазы мен "Достар" ойын сауық орталығының атынан  8000 теңгелік қаржылай сыйлық табыс етілді. Ал "Банзай" командасына екінші орынға мақтау қағазы мен медальдар және 5000 теңгелік ақшалай ұтыс берілді.

Жарыстың үшінші орынына "То Бірлік" командасы жайғасты. Оларға мақтау қағаздары мен медальдар және 3000 теңге табысталды.

Турнир  тартысты өтті. Жастар ойын барысында бір-біріне деген құрметтерін көрсетіп, қанша қарсылас болса да жолдастарын жоғары бағалап, азаматтықтарын танытты. Мұндай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

"Жарқайың тыныс" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…