г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Шәкібай Ұзақты еске алуға арналған волейболдан турнир

5 ақпанда Кен ауылында Шәкібай Ұзақты еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында жарыс ұйымдастырылды. Оған 8 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Ержан Шәкібай турнирге қатысушыларды құттықтап, алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

Іріктеу ойындары Кен негізгі мектебі мен Пятигорск негізгі мектептерінің спортзалында өткізілді. Пятигор орта мектебіндегі іріктеу ойындарынан Гастелло мен Тасты-талды ауылдарының командалары ширек финалға өтті. Ал, Кен негізгі мектебінде Тассуат-Нақым құрамасы мен "Ұзақ ШҚ" командасы қарсыластарын қапыда қалдырды. Ширек финалдың алғашқы ойыны Тасты-талды мен Тассуат-Нақым командалары арасында өтті. 2:0 есебімен Тасты-талды командасы финалға жолдама алды. Гастелло мен "Ұзақ ШҚ" командалары арасындағы бәсеке тартысты болды. Алайда, 2:1 есебімен Гастелло ауылы финалға жолдама алды. Үшінші орынға таласта "Ұзақ ШҚ" командасы Тассуат-Нақым құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді. Финалдық бәсекеде Тасты-талды құрамасы Гастелло ауылын 2:0 есебімен ойсырата жеңді.

Жарыс қорытындысы бойынша "Ұзақ ШҚ" финалист атанып, төртінші орынды қанағат тұтты. Тассуат-Нақым құрамасы 3-ші орынды қанжығасына байлады. Оларға 10000 теңгелік қаржылай сыйлық, дәрежелік грамоталар мен медальдар, және тізе қаптар тарту етілді. Екінші орын алған Гастелло ауылына 20000 теңге мен дәрежелік грамоталар және медальдар, сонымен бірге массаж құралдары табысталды. Ал, жарыс жеңімпаздары Тасты-талды командасына турнир кубогы, дәрежелік медальдар мен грамоталар, үлкен естелік картина, 30 000 теңге қаржылай сыйлық және термоқұтылар берілді. Мұнымен қоса жарыста Талғат Құрманов (Тассуат-Нақым) "спорт-ардагері" номинициясына ие болды.  "Үздік шабуылдаушы" номинациясында Әлишер Гарифуллин ("Ұзақ ШҚ"), Ержан Аяшев (Тассуат-Нақым) марапатталды. "Үздік топ үйлестіруші" номинациясында Дархан Кабиденов (Гастелло) үздік деп танылса, жарыстың "Үздік ойыншысы" Бекзат Қоныс (Тасты-талды) атанды.

Айта кетейік, "Ұзақ ШҚ" командасының капитаны Әділ Ұзақ пен оның отбасы аталмыш шараны ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, спортзалын ұсынған Кен және Пятигор мектептерінің директорларына алғысын білдіреді.

Жарысқа қатысушылар турнир жоғары дәрежеде, әрі әділ өтті деген бағасын берді. Алдағы жылдары бұл жарыс дәстүрге айналмақ.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…