«Түрі басқа болсада, тілегі бір. Жүзі басқа болсада жүрегі бір»
Ағымдағы жылдың 18 қазанында Республика күні қарсаңында Жарқайың ауданының орталық кітапхана жүйесінің оқу залында Рухани келісім күніне арналған «Түрі басқа болсада, тілегі бір. Жүзі басқа болсада жүрегі бір» атты іс – шара өткізілді.
Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова іс-шараның барлық қатысушыларын атаулы күнмен құттықтап, Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қолдаудың, рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудің және барлық діни мәдениеттерге құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, шараға аудандық мәслихат хатшысы Асылхан Әлжанов, аудандық мешітінің бас имамы Алмас Оспан, шіркеудің уағызшысы Василий Блохин, «Лучи добра» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Алтынцева, Ақмола облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі Валентина Соболевская, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты, қоғамдық және діни мүдделер теңгеріміне негізделген мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас моделін қолдау және нығайту болды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.