г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай айтыстан жарыс ұйымдастырылды

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, ақын, публицист, педагог, аудармашы А.Байтұрсынұлының еңбектері ешқашан тарихи маңызын жоймайды. Бүгінгі таңда ғалымның ХХ ғасырдың басында жазған еңбектерінің қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен сабақтастығы анықталып отыр. А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы ұлттық санамызды кемелдендіру жолындағы рухани азық болары сөзсіз.

5 қазан күні Надежда крупская атындағы орта мектептің Акт залында Ахмет БАйтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған аудан оқушылары арасында Айтыстан жарыс өтті. Оған мектеп шәкірттері белсене қатысып, Ақаң жайлы жыр толғауларын ортаға салды.

«Ахмет туған ғасыр - алтын ғасыр» атты аудандық оқушылар арасында өткізілген ақындар айтысына 7 айтыскер - оқушы қатысты. Олардың барлығы суырып салмалығымен және Ахмет аталарының өмірін зерттеп, оны әр кезде ұлықтап жүретіндерімен көзге түсті. Оларды Аудандық ардагерлер кеңеснің төрағасы Ұболсын Ахметова, Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпейсова, Аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұргүл Ысқақова, Ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Назира Шпанова және Жастар ресурстық орталығының басшысы Шынболата Қарин бағалады. Айтыскерлер қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғай отыра, қарсыластарын қалжын сөзбен қағытып, қазақтың қара сөзін майын тамыза айтты.

Шараға ауданымыздың құрметті ақсақалы, ақын Тұрғынбай Жанбаев атамыз бен Аудан мешітінң бас имамы Алмас Оспан арнайы келіп қатысушыларды құттықтады.

Әділ бағалау нәтижесінде Далабай ауылынан келген Самат Ысқақ 1-ші орынды иеленді, одан ұпай санымен, сәл қалыс қалған Кең негізгі мектебінің оқушысы Сардарбек Эргашев екінші орынды қанжығалады. Ал Тасты-Талдылық Даяна Назымбек пен Тассуат негізгі меткебінен келген Сабина Ахат үшінші орынды өзара бөлісті. Айта кетерлігі жүлде қоры 40 мың теңгені құрады. Қайырымды жандар есімін атамауды жөн көрді. Сонымен қатар, Жастар Ресурстық орталығы барынша қатысушыларға жүлдегерлерге дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарын табыстады. Айтыс додасының ұйымдастырлуына Аудандық Қазақ тілі Қоғамы қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Ұлттық өнеріміз алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қазақ тілі Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразхан Зейнолла.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…