"Ынтымақ- рухани келісім кепілі" атты дөңгелек үстел
18 қазан күні Мәдениет үйінде - Рухани келісім күніне және Қазақстан Республикасы күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Оны аудандық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Шараға ауданымызда талай жылдардан бері тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері қатысты. Себебі Қазақстанның көрші және басқа да шет елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекетке айналуы елімізді мекендеген халықтар арасындағы ынтымақ пен рухани келісімнің арқасы деп айтуға болады. "Ынтымақ- рухани келісім кепілі" атты кездесуге ел ақсақалдары - қазыналы қарттарымызбен 15 ұлт өкілінің беделді азаматтары, қоғам белсенділері қатысып, пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Шара барысында кеңес төрағасы Ұлболсын Ахметова сөз сөйледі.
Шараға қатысушылар өздерінің біздің елге келу тарихын айтып, қазақ елі қашанда мейірімділік пен жомарттық танытқанын ризашылықпен атап өтті. Сонымен қатар, қазақ елі олардың тарихи мекендеріне айналғанын да жасырған жоқ.
Дөңгелек үстел барысында "егер біз бір - бірімізбен тату болсақ, бейбітшілік, ынтымақтастықты ұстай алсақ, тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ!" - деген тұжырымдама жасалды.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.