"Патриот" АПК-нің бірінші жартыжылдықтағы жетістіктері
"Патриот" әскери-патриоттық клубы жыл сайын курсанттар қатарын толықтырады. Клуб оқушыларға патриотизм, Тәуелсіздік, еңбекқорлық және адалдық сезімін тәрбиелеуге көмектеседі.
24 қаңтарда Н. Крупская атындағы мектепте "Патриот" АПК клубының отырысы өтті. Онда жауапты лауазымдарды атқаратын курсанттар оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиынға, Қостанай облысының Шекара қызметінің прапорщигі Асқар Жапаров қатысып, Клубтың жұмысы жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты "Патриот" АПК басшысының орынбасары Виктория Камышанская, штаб командирі Илья Куделюк баяндады.
Шара барысында, штабтың жақсы, үйлесімді жұмысы атап өтілді. Курсанттарға клуб қызметінде табыс пен жетістіктер тілейміз.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б. Айтпаева.