г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Конституция құрдасы

Мен, Ата заңымыз Конституция күнінің құрдасмын. Бүгінгі күні Державин қаласының темір жолында тауарларды тасымалдау және қабылдау қызметін атқарамын. Конституция – ең әуелі елімізде тұрып жатқан халықтардың тең құқығын қамтамасыз етіп, ауызбіршілікке үндейді. Ата заңымызда, мемлекетіміздің басты байлығы адам деп анық көрсетілген. 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан тұратын тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық норманы: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.  

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді. 1995 жылғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы - жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енгізілген.   

Зайырлы қоғамда өмір сүріп, түрлі ұлттар мен ұлыстардың бір қазанда біте қайнауы сол іргесі мығым мемлекетіміздің басты мақсаты. Еліміздің Ата заңы 1995 жылы қабылданғанымен бүгінге дейін бірқатар өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Көпшілік оған күле қарауы мүмкін. Алайда, бұл - «Жаңа Қазақстанға», мәңгілік елге айналуға қол жеткізу үшін жасалып жатқан бірден-бір дұрыс шешімдер деп білемін. Себебі, уақыт талабына сай  мемлекеттік құрылымдар мен өміріміздің сан саласы өзгерісті қажет етеді. Елімізде өткен референдум да соның дәлелі. Өйткені, бұл шешімнің дұрыстығын қолдап, оң өзгерістерді аңсаған халқымыз маңызды шараға белсене қатысқан болатын.  28 жылды арта тастаған Ата Заңымыз тек халықтың мүддесіне жұмыс жасап, адамның қоғамда ойын ашық айтып, емін-еркін жүруіне, сөз бостандығымен, ой бостандығына кепіл болады деп сенемін.

Дәулет Закен.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…