Жерлесіміз бокстан халықаралық турнирде өз шеберлігін көрсетеді
9-11 қыркүйек аралығында Нұрсұлтан қаласында жасөспірімдер арасында әуесқой бокстан республикалық турнир өтті. Газетімізді бір шығарылымында ел астанасында жастарға арналған АРТСПОРТ спорттық бағдарламасын қолдау мақсатында өткен турнирлердің бірінде жеңіске жеткен жас спортшымыз Мәди Ғалым туралы айтқан едік. Содан кейін, оны атақты жаттықтырушылардың бірі байқап "Қарабатыр" клубына шақырып дұрас шешім қабылдады. Жас спортшы өзінің жеңіске деген құқығын тағы да дәлелдеді. Біздің жерлесіміз Мәди Ғалым жартылай финалға, сосын ойындардың финалына шығып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Алда Мәди "Хан шатыр" сауда орталығының аренасында халықаралық деңгейде өнер көрсетеді, онда оның қарсыластары Корея, Қытай, Моңғолия, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей спортшылары болады. Жекпе-жек 30-2 қазан аралығында өтеді. Болашақ турнирдің басты жүлдесі - Алтын белбеу. Жерлесімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.