Тілдерді оқыту орталығында ашық сабақ өтті
23 ақпан күні тілдерді оқыту орталығында ашық сабақтар өткізілді. Мұнда тыңдаушылар мемлекеттік тіл мен ағылшын тілі курстарына қатысып, білімдерін шыңдады. Сабақ барысында жаңа сөздермен танысып, өткен сабақтағы сөздері естеріне түсірді.
Алғашқы сабақ мемлекттік тілде өткізілді. Сабақтың тақырыбы Ғаламтор жайлы болды. Пән мұғалімі Мөлдір Қалқаева тыңдаушыларға ғаламтордың не екуенін түсіндіріп, сабақта қатысушыларды тақтаға шығарып, ғаламтордың пайдасымен зиянын жазғызды. СОнымен қатар ұялы телефондарын шығарып, ғаламтордың пайда болуы жайлы ақпаратпен танысты. минуттық бейнені қазақ тілінде көріп, түсінгендерін айтып берді.
Ал, Айзада апайдың сабағында тыңдаушылар ай, күн, апта атаулары мен сандардың айтылу, жазылу үлгілерін қайталады. Мұнда тыңдаушылар шет ел тілін бастауыш деңгейде түсінетіндерін байқатты. Оқытушы қойған сұрақтарға жауап беріп, ағылшынша айтылған сандарды тақтаға дұрыс жазды. Сабақтың мақсаты тыңдаушыларды қоғамда кездесетін сөздермен таныстырып, оларды күнделікті өмірде қолдану болып табылады. Ашық сабақ соңында кері байланыс орнатылды. Тыңдаушылар өткізілген сабаққа оң бағасын берді.
"Жарқайың тыныс" газетінің редакторы Б.Айтпаева.