г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Хабарландырулар

Хабарландыру

12.01.2023, 03:35

Жарқайың ауданының әкімдігі 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Жарқайың ауданында көктемгі  дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау бойынша өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды.

 Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 4 ақпан айына дейін жүзеге асырылады. Өтінімдер Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ленин көшесі, 34 мекен-жайы бойынша «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша қабылданады.

Қатысушыларға (әлеуетті операторларға) келесі құжаттар пакетін ұсыну ұсынылады:

  1. МӨЗ-тан мұнай базасына дейін отынды тасымалдау бойынша есептеу (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен АЖС-тан босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары.
  2. Бюджет алдында мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы салық қызметінен анықтама.
  3. Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы.
  4. Мүлікке ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтама.
  5. Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада қаржы қаражатының бар екендігі туралы оператордың банктік шотынан үзінді көшірме немесе Екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты.
  6. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтау және босату үшін мұнай базаларының болуы.
  7. Қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы.
  8. Автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісім.
  9. Әлеуетті оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне күн сайын ақпарат беруге міндетті.
  10. Дала жұмыстары кезінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.

Жарқайың ауданында көктемгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау бойынша комиссия отырысы а.ж. 13 ақпан айында Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Ленин көшесі, 34 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өткізіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Державинск қаласы, Мир көшесі, 78, немесе 8(71648)9-14-59 телефоны бойынша.

Хабарландыру

23.11.2022, 10:18

«Адал көмек» жобасының аясында ағымдағы жылдың 30 қарашасында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Жарқайың ауданының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Владимир Петрович Белых, Сізді тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (төлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру жөнінде қызықтыратын сауалдарыңызыға жауап береді.

Тұрғындармен кездесу келесі мекен-жай бойынша өткізіледі: Державин қаласы Мир көшесі, 78, Жарқайың ауданы «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…