г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Сайлау-2022. Байқаушыларды оқыту жалғасып жатыр Өткен бір ай ішінде Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов бірқатар өңірге барып, байқаушылармен сайлауды бақылаудың басым мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгін Төлеген Күнәділов елорданың байқаушылармен кездесті.

Біздің алдымызға қойған басты міндет - сайлаудың әділ, ашық, демократиялық сипатта өтуі. Біз сайлау кезеңінде және дауыс беру күні сайлау заңнамасының сақталуын мұқият қадағалаймыз, - деп атап өтті Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов оқыту семинарына қатысушыларға сөйлеген сөзінде.

Партиялық емес байқау орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Төлеген Күнәділов байқаушының міндеттеріне тоқталып, сайлау учаскелерінде қандай заң бұзушылықтарға жиі жол берілетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан оқыту семинарларынан басқа, Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары барлық құқықтық қыр-сырын меңгеруге және өз учаскелерінде бақылауға толық дайындалуға мүмкіндік беретін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау осы жылғы 20 қарашада өтетінін еске сала кетейік.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/saylau-2022-bayqaushylardy-oqytu-zhalgasyp-zhatyr-289986/

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…