г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Коронавирустың жаңа түрі: Әлем елдері шекараларын жауып жатыр

Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шұғыл отырысында коронавирус мутанты ресми VOC (қауіп тудыратын нұсқа) деп жіктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
«Бұл нұсқада өте көп мутация бар, олардың кейбірі аса қауіпті. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл түрінің басқа штаммдармен салыстырғанда қайта жұқтыру қаупі жоғары [VOC]. Сондай-ақ бұл түрі бұған дейінгі инфекцияларға қарағанда тез таралады», - деп атап өтті ДДСҰ. Жұма күні таңертеңнен бастап әлем елдері шекарада шектеу шараларын күшейте бастады. Оңтүстік Африкада табылған және B. 1.1.529 деп аталатын коронавирустың жаңа қауіпті түрін өз аумағына әкелуге жол бермеуге тырысып жатыр. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрін 100-ге жуық адам жұқтырған, олардың көпшілігі Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясында. Ресейден бөлек, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Сингапур, Франция, Чехия және Жапония да Африка елдерінің азаматтарына елге кіруге тыйым салды. «Омикрон» Еуропаға да жеткен: алғашқы жағдай Бельгияда тіркелді. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен барлық Еуропа елдерін вирустың жаңа түрі табылған елдерден келетін туристерді уақытша кіргізбей тұруға шақырды. «Қазір Еуропада бәріміз өте тез, батыл және үйлесімді әрекет етуіміз керек», - деді ол. Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді. Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.
https://www.coronavirus2020.kz/

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…