г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Pfizer және Biotech компаниялары «Омикрон» штамымен күресетін вакцина шығаруы мүмкін

Вакцина шығаратын бірнеше фармацевтикалық корпорация «Омикронды» зерттеуге кіріскендерін және қажет болған жағдайда өз препараттарын түрлендіруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Pfizer және Biotech компаниялары жаңа штамм олардың вакциналарына төзімді болса, олар «шамамен 100 күн ішінде осы нұсқаға қарсы арнайы бейімделген вакцина жасауға және шығаруға» дайын екенін айтты. «Спутник V» жасап шығарған Гамалей атындағы Мәскеу орталығының басшысы Александр Гинцбург Интерфаксқа ресейлік ғалымдар вакциналарын жаңа нұсқаға бейімдеуге дайын екенін айтты. Оның айтуынша, алдымен орталық осы мутация үшін бұрыннан бар препараттың тиімділігін тексереді. «Ондай модификация жасауға болады. Вакцинаны түлендіру тез болады, бірақ оның қажет екенін вирусты бейтараптандыру қабілетін анықтағаннан кейін біле аламыз», - деді ол. Сондай-ақ, Гинцбург Гамалей атындағы орталық «Дельта» нұсқасы шыққаннан кейін «Спутник V» вакцинасын түрлендірмегенін еске салды. Себебі, екпе «83-85-90%-ға» тиімді болып шықты. Тағы бір вакцина өндіруші - Мoderna фирмасы былай деді: «2021 жылдың басынан бастап Moderna-ның жаңа штаммдарға бағытталған мұқият ойластырылған стратегиясы бар. Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді. Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.
https://www.coronavirus2020.kz/

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…