Көрші елдердің эпидахуалын ескеру керек
Вторник, 16 ноября 2021 09:05
ҚР Премьер- Министрі Асқар Мамин өңірлердің бәрінде коронавирусқа қарсы егу шараларын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі, ауыр жағдайдағы науқастардың, стационарлық және амбулаторияда ем алып жүргендердің саны азайды. Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақтан шықты. Қазір онда тағы төрт өңір қалды. «Сары» аймақта – 4, «жасыл» аймақта – 9 облыс бар. Дегенмен көрші елдердегі жағдайды да ескеру керек. Барлық өңірлерде шектеу шараларын қамтамасыз ету қажет.